Хабарландырулар
«META Research» журналының бірінші санына мақала қабылдау туралы хабарландыру
Құрметті әріптестер!
«META Research» ғылыми журналы 2026 жылдың № 1 санына мақалалар қабылдайтынын хабарлайды.
Материалдарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 31 наурызға дейін
Санның жарық көру күні: 2026 жылғы 15 сәуір
Журнал келесі ғылыми бағыттар бойынша түпнұсқа зерттеулер мен шолуларды қабылдайды:
- Білім беру және педагогикалық зерттеулер
- Компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар
- Машина жасау, көлік және логистика
- Энергетика
- Қоршаған орта және орнықты даму
- Экономика және бизнес
- Заң ғылымдары
Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Барлық материалдар екі жақты жасырын рецензиялау және түпнұсқалыққа тексеруден өтеді.
Журналдың тіркелуі:
Мерзімді баспасөз және интернет-басылым ретінде тіркеу туралы куәлік № KZ03VPY00140140, 22.01.2026 ж.